Войти

Танымал қазақстандық актер 6,5 жылға сотталды

Танымал актер Асқар Жұмабеков істі болып, 6 жыл 6 айға сотталды. Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты актерге қатысты үкім шығарды. Өнер иесі не үшін істі болды? Оған қандай айып тағылды? Ол қанша жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.

11 қазанда Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты келушілерді ұрып-соққан караоке бар қызметкерлері К., Т., С., Р., Н., және К.-ға қатысты қылмыстық істі қарады. Олардың ішінде актер Асқар Жұмабеков те бар.

Оқиға қашан және қалай болды?

Сот мәліметінше, былтыр 28 желтоқсанда қаладағы караоке-барлардың бірінде қонақтар мен мекеме қызметкерлері арасында жанжал болған. Кейін жанжал төбелеске ұласқан.

Мекеменің күзетшілері мен диджейлері, сондай-ақ, барда болған олардың таныстары жәбірленушілерді ұрып-соға бастаған. Жәбірленушілер оқиға орнынан қашып кетпек болған. Алайда сотталушылар оларды көшеде қуып жеткен. Төбелес кезінде сотталушылардың бірі пышақ қолданбақ болған.

Зардап шеккендерге қандай зиян келтірілген?

Соққы салдарынан зардап шеккен бес адамның екеуі денсаулығына ауыр және орташа дәрежедегі зиян келтірілген. Олардың мұрны сынған, миы шайқалып, бас жарақатын алған. Айыпталушылар біреуіне орташа, ал қалған екеуіне жеңіл зиян келтірген.

Сотталушыларға қандай айып тағылды?

Сотталушыларға Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі "бұзақылық", Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігі және 107-бабы 2-бөлігі "денсаулыққа қасақана ауыр және орташа зиян келтiру" бойынша айып тағылды.

Сот үкімімен Ж., К., Т., С., Р., Н. және К. Қылмыстық кодекстің 293, 106 және 107-баптары бойынша кінәлі деп танылды.

Р.-ға 6 жылға, К., Т., С., Н., К.-ға 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ал актер Асқар Жұмабековке 6 жыл 6 ай 15 күн мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, өйткені ол бұған дейін Қылмыстық кодекстің 107-бабы бойынша кінәлі деп танылып, бұрынғы сот үкімі бойынша өтелмеген мерзімі болғаны үшін оған 15 күн қосылды.

"Сотталушылардың кінәсі куәгерлер мен жәбірленушілердің айғақтарымен, сот-медициналық сараптама қорытындысымен, бейнебақылау камераларының жазбаларымен расталады", - делінген хабарламада.

Айыпталушылар кінәсін мойындамады. Жәбірленушілер сотталушыларды кешірген жоқ. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Асқар Жұмабеков - қазақстандық актер. Ол "Ақжауын", "Рауза" телехикаяларына түскен.

Поделиться:

Смотрите также:

Завершилась церемония вручения премии "Оскар"
6 месяцев назад
Главное кинособытие года определило лучшие фильмы, актеров и режиссеров, которые поразили мир за последний год. Победители в каждой номинации подробно обозначены в официальных социальных сетях кинопремии.Но все же главные итоги "Оскара" – триумфаторо...
В скандальной киностудии сделали заявление, а Жан Байжанбаев готов к съемкам
6 месяцев назад
Киноистория, о которой ранее рассказали родители-кредиторы, вскоре получила продолжение. Основатель, собравший деньги с родителей за несостоявшиеся роли, заявил, что мошенником себя не считает. Он уверяет, что все заплатившие по 1,5 млн тенге непреме...
В КГД высказались о списке "блогеров-должников"
1 год назад
В пресс-службе 20 февраля 2025 года заявили, что КГД не давал никакого списка."Список, распространяемый в соцсетях, не является актом органа госдоходов, в рамках которого осуществляется налоговый контроль", – сказали корреспонденту Zakon.kz в пресс...
В Казахстане утвердили Концепцию развития экологической культуры на ближайшие пять лет
1 год назад
На основе проблемных вопросов, выявленных при анализе текущей ситуации в экологической культуре, и международного опыта определено следующее видение развития экологической культуры в стране. Оно будет отражено в ключевых достижениях.Так, планируется...
"Хайп қуды ма?" Төреғалиді өнердегі әріптестері қолдап жатыр
2 года назад
Желіде белгілі әнші Төреғали Төреәліден соққы жедім деген жігіт жанайқайын жеткізген еді. Оқиға Алматы облысындағы "Көлсай көлдері" ұлттық паркінде болған. Төреғали Төреәлінің өнердегі әріптестері оның бұл ісіне бола сөкпеуді сұрап, қолдап жатыр, - д...
Жүрсін Ерман ауруханадан шықты
2 года назад
Ақын, Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман ауруханадан шықты. Бұл туралы Төреғали Төреәлі, Марат Ахметов Instagram-дағы парақшаларында жазған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұған дейін Ж...
Kaspi.kz поддержал второй сезон сериала "Мошенники"
8 месяцев назад
Проект основан на реальных мошеннических схемах и выполняет важную социальную миссию: помогает зрителям распознавать уловки злоумышленников и формирует культуру финансовой безопасности в стране и регионе.Первые четыре серии нового сезона доступны с 1...
Невиданный мор лебедей в Мангистау: птичий грипп, голод или выбросы в Караколь
2 года назад
Орынбасар Тогжанов долгое время работал в областном управлении природопользования. Сейчас эколог на пенсии, он отмечает, что никогда ранее не наблюдалось гибели лебедей в таких масштабах."Были ранее случаи, когда умирали единицы, или находили несколь...
➤