Войти

Шетелдік инвесторлар тапқан табыстарын Қазақстанда қалдырғысы келмей ме?

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының (ҚҚҚ) талдау орталығы 2023 жылдың бірінші жарты жылдығындағы сыртқы секторға қатысты өз шолуын жария етті.

Негізгі тенденциялар 2023 жылдың бірінші жарты жылдығында елімізде ағымдағы шот тапшылығы тереңдей түскені анық байқалды (биылғы І тоқсанда 1,5 млрд АҚШ доллары болса, ІІ тоқсандағы көрсеткіш: 3,3 млрд АҚШ доллары), негізінен, тауарлар мен қызметтер импортының өсу қарқыны (+13%) бұл тұрғыдағы экспорт ауқымынан (+5%) асып түсуіне байланысты.

Тұрақтылық кемеңгерлері Тұрақтылық кемеңгерлері

Криптовалютамен айналысып қалай баюға болады? $83 млрд-қа бағаланған Tethe... →

Есепті кезеңде тікелей шетелдік инвесторларға төленетін кірістердің құрылымы айтарлықтай деңгейде өзгеріске ұшыраған: 2023 жылдың І тоқсанында жалпы табыстың 32%-ы дивиденд ретінде төленген болса, ІІ тоқсанда бұл көрсеткіш 80%-ды құраған.

Ағымдағы шот тапшылығын қаржыландыру қаржы шотынан түсетін түсімдердің екі есе ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілген (2023 жылдың І тоқсанында 1,4 млрд АҚШ доллары болса, ІІ тоқсанда – 2,8 млрд АҚШ доллары), бұл, негізінен, экономиканың өзге секторларындағы операциялармен байланысты болған (2023 жылдың І тоқсанындағы көрсеткіш 0,8 млрд АҚШ доллары, ІІ тоқсанда – 1,9 млрд АҚШ доллары). Айта кетсек, сыртқы сектор статистикасын қалыптастыру әдістемесіне сәйкес «Басқа секторлар» құрамында қаржылық, қаржылық емес, коммерциялық емес ұйымдар және жеке тұлғалар қамтылған.

Ұлттық қор активтері мен ҚР Ұлттық Банкіндегі алтын-валюта қорының ауқымында айтарлықтай өзгеріс байқала қойғамаған, өйткені олардың толықтырылуы/азайуы өзіндік құн және басқа да өзгерістер есебінен өтеліп отырды.

Бұл тұрғыда жыл бойында өтелуі тиіс сыртқы қарыз ауқымы (2023 жылдың 1 шілдесіндегі жағдайға сай 45 млрд АҚШ доллары) еліміздің алтын-валюта қорынан едәуір көлемде асып түскені анық байқалуда (34 млрд АҚШ доллары), бұл Гринспен-Гвидотти критерийін (70%) оның жаһандық бенчмаркінен (100%) төмен етіп ұстауға септік етуде.

Халықтың несиеге батуы тұрмыс пен кәсіпке қалай әсер етеді? Халықтың несиеге батуы тұрмыс пен кәсіпке қалай әсер етеді?

Қазір елдің көбі табысы мол жұмыс іздеп жүр. Еңбекақыны қанағат тұтпады деп... →

Қазақстанның сыртқы қарызының ЖІӨ-ге қатынасы соңғы 10 жылдағы ең төменгі деңгейге жетті: 2023 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 67%. Алайда, 2023 жылдың 1 шілдесі мен 2022 жылдың 1 шілдесіне шаққандағы көрсеткіштерді салыстырсақ, бұл долларлық номиналды ЖІӨ-нің өсуіне орай орын алғанын байқай аламыз (ҚР Ұлттық Банкінің әдістемесі бойынша +15%). Сол сияқты, бұл арада құндық және өзге де өзгерістер бар (6,6 млрд АҚШ доллары). Әйтсе де ескеретін жайт – елімізде сырттан қарыз тарту үрдісі артып келеді (+4,3 млрд АҚШ доллары). Осы арада түсіндірме ретінде айта кетсек,12 айдағы долларлық ЖІӨ бір тоқсандағы орташа айырбас бағамына сәйкес есептелген ЖІӨ-нің доллар түріндегі тоқсандық мәнінің сомасы ретінде анықталады.

Айтпақшы, еліміздегі квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздары біртіндеп төмендеп келеді: 2022 жылдың 1 шілдесі мен 2023 жылдың 1 шілдесі аралығында минус 16% шамасында. Өз кезегінде, бұл, сектордың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті мемлекеттік қаржыландыру көлемінің (оның ішінде Ұлттық қордан да) пропорционалды өсуіне алып келді (+15%).

ҚР қаржы министрлігі ішкі нарықтан қарыз тартуға артықшылық беріп (2022 жылдың 1 шілдесі мен 2023 жылдың 1 шілдесі аралығында +44%), кредиттік және валюталық тәуекелдерді барынша азайтуды қолға алуда, базалық мөлшерлеменің жоғары деңгейін ескерсек, бұл мемлекеттік қарызға көрсетілетін қызмет шығынын арттыра түседі деген сөз (+48%).

Олай болса, төлем балансының және сыртқы қарыздардың ағымдағы көрсеткіштері соңғы кездері валюта нарығында көрініс берген теріс тенденциялар мен ұлттық валюта бағамына қатысты әлеуетті қысымның сақталуын, сондай-ақ, қысқа және орта мерзімді перспективада еліміздің фискалдық позициясының нашарлауын түсіндіріп бере алады деген үміттеміз.

Түйін 2023 жылдың бірінші жарты жылдығында мұнайдың бағасы төмендеп, Қазақстанның экспорттық табысы қысқаруымен – ішкі нарықта импорт ауқымы өсіп, сауда балансының нашарлауына алып келді. Бұл тұрғыда Еуроодақ пен Қытайға (қазақстандық шикізаттың негізгі сатып алушылары) отандық экспорттың қысқаруы РФ бағытында ұлғая түскен экспорт көрсеткішімен ішінара өтелді.

Мемлекет пен бизнес арасында теңдей серіктестік болуы мүмкін бе? Мемлекет пен бизнес арасында теңдей серіктестік болуы мүмкін бе?

Кәсіпкерлік ел дамуының негізгі серпіні деген пікір қоғам санасында барған ... →

Осы тұста шетелдік тікелей инвесторлар екінші тоқсанда тапқан табысының басым бөлігін Қазақстаннан шығарып алғанды жөн көрді (біздің елде нақты келеңсіз жағдайлар орын алмаса да). Олар Қазақстандағы еншілес компанияларын әрі қарай дамытуға аталған кезең ішінде тапқан табысының бар болғаны 20%-ын ғана қалдырған.

Мұндай тенденция әрі қарай жалғасуы әбден мүмкін, әсіресе, инвесторлардың тәуекел ету емеуріні жаһандық тұрғыда жаппай төмендей бастағанан ескерсек. Сонымен қатар, бұған биыл күзде көрініс берген ұлттық валюта бағамындағы құбылмалық пен антиресейлік санкцияларды айналып өтудің алдын алу шаралары (параллельді импорт), жергілікті (Phystech II) және шетелдік (АрселорМиттал Теміртау) инвесторлардың активтерін мемлекет меншігіне қайтарып алу сынды прецеденттер де септік етуі ықтимал.

Төлем балансының ағымдағы шотының тереңдей түскен тапшылығын қаржыландыру резиденттердің борыштық міндеттемелерін ұлғайту (+2,2 млрд АҚШ доллары) және ҚР Ұлттық Банкінің резервтік активтерін қысқарту (– 3,3 млрд АҚШ доллары) сынды операциялар негізінде жүзеге асырылуда.

Ескеретін жайт – мемлекеттік сектордың сыртқы активтерінің қоры мен сырттан тартылған қарыз ауқымының белгілі бір күнге шаққандағы статистикасы айтарлықтай оң деңгейде қалып отыр (операциялық өзгерістер өзіндік құнмен және басқа да өзгерістермен ішінара өтелуде), бірақ бұл еліміздің фискалдық позициясы сыртқы тәуекелдер алдында біршама осал екендігін көрсетеді.

Қоры нарығы: түсімдер ұлғайып, дивидендтер артып келеді Қоры нарығы: түсімдер ұлғайып, дивидендтер артып келеді

Жергілікті индекстердің қалпына келген өсім көрсеткіштері биыл шетелдік нар... →

Есесіне квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы қарыздары тұрақты түрде қысқарып келе жатқаны анық байқалуда, алайда, бұл бюджетке және Ұлттық қорға салмақ түсіруі тағы мүмкін. Мысалға, қаржылық есептерде көрсетілгендей, 2023 жылдың 30 маусымындағы жағдайға сәйкес, Ұлттық қор активтері есебінен сатып алынған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ облигацияларының көлемі 1,6 млрд АҚШ долларын құраған.

Сонымен қатар, жаһандық инвесторлардың пікірінше, мемлекеттің қатысуы бар ұйымдар қарыз алушы ең сенімді борышкер болып табылады, өйткені оларда міндеттемелерді орындауға тікелей немесе жанама түрде болса да мемлекеттік кепілдік бар. Сәйкесінше, «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» тобындағы компаниялар халықаралық каптитал нарықтарында өз бетімен қаражат тарта алады деген сөз, әрине, егер оларда кредиттік және валюталық тәуекелдерді басқару бойынша тиімді стратегия бар болса.

Жалпылай алғанда, Қазақстанның төлем балансы мен сыртқы қарызын егжей-тегжейлі талдай келе, біз еліміздің қаржылық тұрақтылығының «осал» тұстарына көз жеткізе алдық. Сәйкесінше, ішкі нарықтағы ықтималды қауіп-қатерлер мен тәуекелдер алдағы уақытта орын алуы мүмкін келеңсіз жағдайлардың алдын алып, тисті шаралар қолдануға септік етеді деген үміттеміз.





Поделиться:

Смотрите также:

Будут ли новые сделки M&A на банковском рынке РК?
2 года назад
Данияр, банковский сектор всегда интересно обсуждать. Какие прогнозы на ваш взгляд актуальны для нашего рынка сегодня? – Teniz Capital считает, что потенциал новых M&A сделок не исчерпан. В частности, помимо потенциальной катарской сделки, мы ож...
О чём договорился Бектенов с китайскими, французскими и американскими инвесторами
1 год назад
Премьер-министр Олжас Бектенов в рамках казахстанского круглого стола по глобальным инвестициям провел встречу с президентом американской компании GE HealthCare на Ближнем Востоке, в Северо-Восточной...
Применение внесудебного банкротства: обновлены правила
5 месяцев назад
В частности, уточняется, что государственная услуга оказывается физическому лицу – гражданину Казахстана (должнику) – с целью прекращения обязательств по договорам банковского займа и договорам о предоставлении микрокредита физических лиц перед банка...
Курсы валют в обменниках Казахстана на 29 ноября
2 года назад
По официальным данным Национального банка РК, курс доллара составляет 459,04 тенге, евро – 502,92 тенге, рубля – 5,18 тенге. Астана Курс доллара в обменных пунктах Средний курс покупки доллара в Астане в обменных пунктах – 458 тенге, продажи – 463 те...
Сагинтаев и Лукашенко обсудили дальнейшее развитие ЕАЭС
2 года назад
Председатель Коллегии Евразийской экономической комиссии Бакытжан Сагинтаев 26 февраля в Минске встретился с президентом Беларуси Александром Лукашенко, сообщила пресс-служба ЕЭК. Сагинтаев и Лукашенко обсудили несколько вопросов. В их числе текущее ...
Сарапшы: Отандық ШОБ қазір өз күшіне ғана сенім артады
2 года назад
Мұндай мәлімет 2023 жылдың желтоқсан айында ел үкіметінің ресми сайтында жария етілді. Тәуелсіз сарапшылардың айтуынша, 2023 жылдың IV тоқсанында шағын кәсіпкерлік саласындағы отандық компаниялар тарапынан кадр жетіспеушілігі туралы жиі айтылғанымен...
Курс доллара приблизился к отметке в 500 тенге на торгах 26 января
2 месяца назад
Средневзвешенный курс доллара по итогам торгов составил 501,79 тенге, снизившись еще на 1,4 тенге. Курс евро составил 596,25 тенге (+4,41).Курс российского рубля понизился до 6,59 тенге (-0,04). Курс китайского юаня на дневных торгах составил 72,19 т...
Курсы валют в обменниках Алматы и Астаны на 2 сентября
1 год назад
По официальным данным Национального банка РК, курс доллара составляет 481,63 тенге, евро – 534,46 тенге, рубля – 5,28 тенге. Астана Курс доллара в обменных пунктах Средний курс покупки доллара в Астане в обменных пунктах – 479 тенге, продажи – 484 те...