Войти

Уыстан шығып бара жатқан тұрақтылық

Cоңғы жылдары әлемдегі өзгерістердің көп болғаны соншалық, көпшілік сарапшыларда жаһандық экономикалық тәртіп қаншалықты түбегейлі өзгеріп жатыр деген заңды сұрақ туындады. McKinsey (MGI) жаһандық институтының зерттеулері және McKinsey & Company сауалнамасына қатысқан топ-менеджерлер экономикада өзгерістер болып жатқанын, бірақ болашақтың нақты бейнесі әлі де белгісіз екенін айтады. Сол белгісіздікті ескеретін болсақ, бизнес-­көшбасшылар өзгерістерді мұқият бақылап, жағдайға бейімделуге дайын болуы керек.

Қазіргі топ-менеджерлердің көпшілігі қаржы артығымен жиналған дәуірде қалыптасты. Олардың іскерлік машығы мен бизнес туралы ойы әзірге пайдалы, бірақ экономикалық конъюнктура өзгерген сайын ескіріп кету қаупі бар. Дегенмен де ол адамдардың мол тәжірибесіне негізделіп айтылған алдағы өзгерістер туралы пікірі қызығушылық тудырмай қоймайды.

Өндірудің орнына жинақтау Экономикалық ландшафт қалай өзгеріп жатқанын түсіну үшін MGI сарапшылары әлемдік экономиканың жағдайын анықтайтын ерекше әдіс құрастырды, ол жаһандық баланстық тізімдеме деп аталады. Бұл әдіс бойынша барлық актив пен міндеттемелер есепке алынады. Есептеулер бүгінгі тұрақсыздық ұзақ мерзімді экономикалық үрдістермен байланысты екенін көрсетеді.

Сарапшылардың мәліметінше, соңғы жиырма жылдықта жаһандық баланс немесе актив пен міндеттемелердің жиынтығы ЖІӨ көлемі бойынша есептелетін шынайы экономикаға қарағанда әлдеқайда жылдам өскен. Мұның себебі ірі елдердегі орталық банктердің әрекетінде жатыр, олар экономикалық белсенділікті арттыру үшін төменгі пайыздық мөлшерлемені ұстап қалды.

2000 және 2021 жылдар аралығында ақша массасы 160 трлн долларға өскен. Төменгі пайыздық мөлшерлеменің әсерінен әрбір 1 доллар инвестицияға 1,9 доллар қарыздан келді. Дамыған елдердегі өнімділік деңгейі шошитындай баяулады, егер 1980–2000 жылдары жылына орта есеппен 1,8%-ды құраса, 2000–2018 жылдары 0,8%-ға дейін төмендеп кетті. Дәулетті адамдар ақшасын экономикаға инвестициялаудың орнына жинай бастады, бұл стагнацияны да өршітіп жіберді.

Соңғы жиырма жылдықта қарыз тарту арқылы жасалған инвестициялар өте табысты болды. Мәселен, өнімділік өсімі баяулаған кезде көпшілік елдерде жылжымайтын мүліктің нарықтық құны ЖІӨ көлеміне қарағанда жылдамырақ көбейді. 1995–2021 жылдар аралығында АҚШ-та жылжымайтын мүлік бағасы ЖІӨ-ге қарағанда 1,5 есе жылдам, ал Ұлыбританияда 1,8 есе жылдам өсті. Ультратөмен пайыздық мөлшерлеме және венчурлық инвестициялардың танымал бола түсуі агрессивті өсім стратегиясының таралуына әкелді. Дәл осы кезде негізгі капиталға салынатын инвестициялар тартымдылығын жоғалтты.

Соңғы онжылдықта қаржыландыру құнының төмендеуі және экономиканың баяу болса да тұрақты дамуы қаржылай транзакциялар және жылжымайтын мүлікке салынатын инвестициялар қаражат жинаудағы дұрыс стратегия екенін көрсетті. Сондай-ақ еңбек нарығында кадрлардың тым мол болуы байқалғандықтан, компаниялар жалақысы тұрақты түрде көбейіп отыратын білікті қызметкерлерді жұмысқа тарта бастады. Салдарынан теңсіздік артып, көпшілік компаниялар премиум-­сегментте тауар және қызмет ұсынуға мән бере бастады.

Дәуірдің аяқталуы Әлемдік экономика болашақта қалай өзгеруі мүмкін? Пандемия кезінде қымбаттап жатқан актив пен ЖІӨ өсімінің баяулауы арасындағы айырмашылық шырқау шегіне жетті. Көпшілік сарапшылардың пікірінше, бұлай ұзақ жалғаса беруі мүмкін емес. Дегенмен соңғы онжылдықтағы активтер қымбаттап, ал өнімділік мүлде өспеген жаһандық экономикалық конъюнктураны қалыптастырған трендтің орнына не келетіні белгісіз. Бұл көптеген факторларға байланысты. Біраз уақыт бойы инфляция жоғары деңгейде сақтала ма? Жылжымайтын мүлік сияқты активтің бағасы түзеле ме? Халық несиесін қалай төлейді? Цифрлық революция мен жасанды интеллектінің пайда болуына байланысты көптен күткен өнімділік өсімі бастала ма? Экономикалық көрсеткіштердің әрекеті осы сұрақтардың жауабына байланысты болады.

2023 жылға арналған салық жинау жоспары 64%-ға орындалды 2023 жылға арналған салық жинау жоспары 64%-ға орындалды

2023 жылдың басынан бері мемлекеттік борышқа қызмет көрсету және оны өтеу ш... →

Әлемдік экономиканың перспективасы туралы іскерлік көшбасшылардың пікірін анықтау үшін MGI мыңға жуық топ-менеджерлер арасында сауалнама жүргізді. Респонденттердің 84%-ы өзгерістер болатынына сенімді. Дегенмен олардың өзгерістерге қатысты болжамында өзара айырмашылық байқалады. Активтерді басқаратын қаржы саласының менеджерлері алдағы онжылдықта әлемді жоғары инфляция күтіп тұр, тиісінше, несиелендіру мөлшерлемесі де көтеріледі деген пікірде. Ал сұралғандардың 20%-ға жуығы экономика осыған дейінгі жиырма жылдықтағы көрсеткіштерге қайтып келеді деп болжайды, себебі тым көп құрылымдық өзгерістер болып жатыр.

Респонденттердің үштен бірінің ойынша, жинақ ақша көлемі азаяды. Еңбек нарығында кадрлар тапшылығы байқалады, сондықтан жас кәсіби мамандар өзінің сұранысқа ие екеніне тым сенімді болып, тапқан табысын жинаудан бұрын көбірек жұмсауға дайын. Ал кәсіби кадрлардың аға буыны соңғы онжылдықта белсенді түрде ақша жинады, зейнетке шыққаннан кейін де ол қаржыны жұмсауды ойламайтын еді, бірақ бұл тренд те өзгеруі мүмкін дейді экономистер.

MGI сөйлескен сарапшылардың бестен бірі әлемдік экономикадағы өнімділіктің өсетінін күтеді. Бұған көмірқышқыл газын шығару төмендету бойынша міндеттемелер және геосаяси шиеленістер әсер ететін болады. Атмосфераны ластайтын заттарды шығаруға қатысты талаптардың қатаңдауы компанияларды негізгі капиталға инвестиция салуға итермелейді, ал Украинадағы соғыс пен коронавирус пандемиясы көпшілік бизнесті жеткізу тізбегін қайта қарауға мәжбүрлейді, ол да инвестицияны талап етеді.

Абай болу MGI сарапшылары әлемдік экономиканың болашағы әлі де белгісіз деп есептейді. Экономикалық конъюнктурада фундаменталды өзгерістер болатыны сөзсіз сияқты. Бизнес-­көшбасшылар болып жатқан жағдайларды барынша мұқият бақылауы керек: орталық банктердің операцияларына мониторинг жүргізіп, ірі кәсіпорындардың инвестиция көрсеткіштерін, жалақы динамикасын, теңсіздік деңгейін, зейнетке шығудың орта жасын және өмір сүру ұзақтығын бақылап отыруы қажет. Компания жетекшілері түрлі жағдайлардың түрлі сценарийлеріне дайын болуы тиіс. Оларға дәл қазір машығы мен ақпараттандырылуымен жұмыс істеу өте маңызды. Сонда өзгерістерге бейімделуге мүмкіндік бар.


Поделиться:

Смотрите также:

Қазақстандық стартаптар: инженерлік модульдердің оркестрі
2 года назад
Өнеркәсіп саласын цифрлық трансформациялау, агроөнеркәсіптегі экологиялық роботтар, жер қойнауындағы байлықты өндіретін жаңа технологиялар, мұнай ұңғымаларын жасанды интеллект көмегімен тазалау – бүгінде қазақстандық стартапшылар ұсынып жүрген тың ид...
Доллар продолжает снижаться на торгах 22 июля
2 месяца назад
Средневзвешенный курс доллара по итогам торгов составил 467,65 тенге, снизившись еще на 1,57 тенге.Курс российского рубля понизился до 5,94 тенге (-0,03).Курс китайского юаня на дневных торгах составил 68,98 тенге (-0,45).В обменных пунктах доллары п...
Доллар снова подорожал на торгах 3 октября
11 месяцев назад
Средневзвешенный курс доллара по итогам торгов составил 547,57 тенге, поднявшись на 0,58 тенге. Курс рубля снизился до 6,71 тенге (-0,04). Торги по юаню не проводились в связи с праздничными днями в Китае. В обменных пунктах доллары покупают/продают ...
«КазТрансОйл» резко нарастил транзит нефти из порта Актау в 2023 году
2 года назад
В январе - октябре 2023 года транзит казахстанской нефти из порта Актау на экспорт составил 2 млн 800 тыс. тонн, что на 981 тыс. тонн, или на 54%, больше по сравнению с аналогичным периодом прошлого года. Об этом 16 ноября сообщили в пресс-службе ком...
Курс доллара вырос сразу почти на 4 тенге на торгах
2 года назад
Средневзвешенный курс доллара по итогам торгов составил 482,78 тенге, подскочив на 3,63 тенге. Курс китайского юаня вырос на 0,28 пунктов, составив 67,3593 тенге. Курс рубля остался практически на том же уровне, поднявшись на 0,04 тенге и составил 5...
В Qarmet показали новый логотип
2 года назад
АО «Qarmet» разработало и представило свой новый логотип, сообщила пресс-служба компании в пятницу, 15 декабря. «Во главе расположена надпись «Qarmet» – историческое название, которое возвращено предприятию. Паттерн выполнен в виде восходящего солнца...
583 млн тенге "испарились": 14 сотрудников отдела образования получили сроки в Туркестанской области
7 месяцев назад
Из распространенного релиза следует, что расследование проведено Департаментом АФМ по Туркестанской области."Группа из 18 должностных лиц, включая руководителей, бухгалтеров и экономистов, организовала схему присвоения бюджетных средств путем завышен...
Доллар еще немного подешевел на торгах 11 июня
3 месяца назад
Средневзвешенный курс доллара по итогам торгов составил 487,76 тенге, снизившись на 0,8 тенге.Курс российского рубля понизился до 6,77 тенге (-0,02).Курс китайского юаня на дневных торгах составил 71,99 тенге (-0,19).В обменных пунктах доллары покупа...
➤