Войти

Рубльдің әлсіреуі: Қазақстан үшін оң және теріс факторлар

Бұған себеп не? Көрші ел валютасының құлдырауы қазақ теңгесіне қаншалықты қауіпті? Ресейден елімізге тауар импорты артуы мүмкін бе? Егер ондай жағдай болса, отандық өндірушілердің жайы не болмақ? Қазір көпшілікті ойландырып толғандырған сұрақтардың бір легі осы.

Рубль не үшін құлдырады? Рубльдің әлсіреуіне алғышарт болған басты факторды қаржы сарапшылары Ресей мен Украина арасында геосаяси қақтығыстар басталған сәттен бастап, ресейлік валютаның қалыптан тыс және негізсіз нығаюымен байланыстырады. Батыстың санкциясы да әсер етпей қойған жоқ дейді экономист Сапарбай Досжан.

«Ресей рублі биылғы жылдың басынан бастап, өткен жеті-сегіз ай ішінде елу пайызға дейін күшін жоғалтты, яғни доллар рубльге қатысты күшейді. Бұған басты себеп, Ресейдің Украинаға «арнайы операция» ашуымен байланысты. Батыс елдерінің Ресейге әртүрлі санкциялар салуы да бар. Бұл санкциялардың басым бөлігі экономикалық және саяси бағытта болды. Экономикалық санкциялар Ресейдің үлкен банктерінің ақша өткізу жүйесінің жолын кесті. Сондай-ақ, Еуропадан жоғары технологиялық өнімдерді Ресейге кіргізуге шектеу қойылды, үлкен санкциялардың бір бағыты ресейлік газ-мұнайдан еуропалықтардың бас тартуы еді» дейді ол. Сарапшының сөзінше, бұл өз кезегінде Ресейге келетін доллар түсімін азайтты. Яғни шетел валютасы азайған сайын оған сұраныс артты, соның әсерінен рубль әлсіреді. Бұл – ұзақ өтетін күрделі үдеріс.

IT саласында әйелдердің саны неге аз? IT саласында әйелдердің саны неге аз?

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының 2022 жылғы статис... →

«Оның үстіне, көршіміздің Қаржы министрлігі Ресейдің валюта қорын көбейту үшін бюджеттен өте көп ақша бөліп, валютаны сатып ала бастады. Сондықтан жаз кезінде рубль өте қатты құлдырады. Тағы бір жайт, биыл Ресейдегі шетелдік компанияларға өз активтерін сатып, өздерінің қалаған валюталарын еуро немесе доллар күйінде сыртқа алып шығып кетулеріне рұқсат берілді. Өткен жылы санкция басталған кезде Ресей Федерациясының басшылығы мұндай жағдайға рұқсат бермеген еді, алайда, өте көп шетелдік компаниялардың талабы биыл ескеріліп, тыйым алынып тасталынды. Бұл да Ресейден кетіп жатқан шетелдік компаниялардың шетел валютасына сұранысын арттырып, рубльдің доллар алдындағы құнын түсірді» дейді Сапарбай Досжан.

Ал Ресейдің Орталық банк басшысы Эльвира Набиуллина рубльдің әлсіреуі бюджет кірісін ұлғайту ниетімен байланысты емес екенін айтқан. Ол валюта бағамының әлсіреуінің себебі ресейлік экспорттың құндық жағынан әлі де құлдырауымен және мұнай бағасының төмендеуімен байланысты болып отыр деген еді.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының жетекші сарапшысы Зарина Скрипченко болса, Ресей билігінің мәлімдемесін ескере отырып, бір доллардың бағамы 90–100 рубльді (қазіргі уақытта 98,3 рубль) құрауы бюджетке де, бизнеске де қолайлы екенін айтады.

«Тиісінше, рубльдің айтарлықтай құлдырауы қайта басталған жағдайда, Ресей Банкі мен Ресей Федерациясының Қаржы министрлігі, экспорттаушылар тарапынан валюталық түсімдерді міндетті түрде сатуды қалпына келтіру, капитал қозғалысын шектеу және тағы басқа факторларды есепке ала отырып, рубльді тұрақтандыру шараларын қабылдайды. Базалық мөлшерлемені одан әрі арттыру да мүмкін, өйткені әлсіз рубль Ресей Федерациясының баға тұрақтылығына қауіп төндіреді» дейді сарапшы.

Осы ретте, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының қыркүйек айындағы сауалнамасының алдын ала деректеріне сүйенсек, қаржы нарығы сарапшылары 12 ай ішінде USD/RUB бағамы бір долларға 97 рубль болады деп болжап отыр.

Теңгемен не болмақ? Рубльдің құлдырауы теңгемізге қаншалықты қауіпті? Теңге рубльге қаншалықты тәуелді деген сұрақтарға сарапшылар жауабын тыңдап көрсек.

«Жыл басынан бері теңге мен рубль әртүрлі бағыттағы тенденцияларды көрсетті. Мәселен, долларға қатысты теңге 0,3%-ға нығайды, ал рубль 41%-ға әлсіреді. Бұдан шығатын қорытынды, теңгенің рубльге айтарлықтай тәуелділігі жоқ» дейді Зарина Скрипченко.

«Жаңа Қазақстанның» ескі қателіктері «Жаңа Қазақстанның» ескі қателіктері

Қыркүйектің басында президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның эк... →

Басқа да сарапшылар қазір теңгенің Ресей валютасына тікелей тәуелділігі жоқ деп отыр. Бұл ретте, экономист Сапарбай Досжан 1 доллар 90–95 рубльді құраса, біздің теңге 450–470 аралығында тұруы керек, яғни рубльге теңгемізді сәйкестендіріп отыру қажеттігін айтады.

«Есіңізде болса, 2015 жылы 1 доллар 30 рубльден 60 рубльге түскен кезде (Ресей Қырымды басып алғанда, геосаяси жағдайға байланысты рубльді 2014–2015 жылдары екі рет құнсыздандырған болатын) біз 2015 жылдың 15 тамызына дейін сайлау деп, тағысын тағы себептермен 1 рубльді 3 теңгеге дейін ұстап тұрғанбыз. Сол кезде Қазақстанның 26 млрд доллар валюталық қорымыз Ресейге өтіп кеткен болатын. Осы жағдай қайталанбас үшін өткен күннен алған тәжірибеміз бар, теңгенің рубльмен қатар жүруіне үлес қосуымыз керек. Ұлттық банк осыны ескеруі тиіс. Кейбір экономистер біз рубльге тәуелді емеспіз деп жатыр, бұл жаңсақ пікір, егер ұлттық экономикамыздың құлдырауына жол бермейтін болсақ, біз рубль бағамына қарай теңгені де бейімдеуіміз қажет» дейді экономист.

Қалай десек те, Ресей Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі болып қалатынын ұмытпаған жөн.

Экономист Мұрат Қастаевтың айтуынша, рубльдің әлсіреуінің Қазақстан үшін оң және теріс жағы бар. Мәселен, орта мерзімді перспективада ресейлік тауарлар бағасының төмендеуі қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп, біздің өндірушілердің сатылымын азайтады және олардың экспорттық мүмкіндіктерін шектейді.

Жүгенсіз инвесторға қоғамдық санкция жариялау мүмкіндігі бар ма? Жүгенсіз инвесторға қоғамдық санкция жариялау мүмкіндігі бар ма?

«Болашақта инвесторлармен жұмыс істегенде ұлттық мүддені қорғауға қабілетті... →

«Рубльдің әлсіреуі ресейлік тауарларды арзандатады, қазақстандық тұтынушылар оларды көбірек сатып ала бастайды, қазақстандық өндірушілер азырақ табыс алады. Сондықтан рубльдің әлсіреуі Қазақстан үшін жағымсыздау» дейді ол.

Егер Ұлттық статистика бюросының деректерін негізге алсақ, осы жылдың қаңтар-маусым айларында Ресей Федерациясынан келген импорт 7,8 млрд долларды немесе Қазақстанға бағытталған импорттың жалпы көлемінің 27%-ын құраған. Яғни, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 8,7 млрд. немесе 39% жоғары болып отыр. Осыдан-ақ, ресейлік тауарлар бағасының төмендеп, олардың қазақстандық тұтынушыларға қолжетімділігі артып отырғанын байқауға болады. Әрине, бұл бір жағынан елімізде инфляцияның әрмен қарай төмендеуіне ықпал етер болса, екінші жағынан қазақстандық өндірушілердің импортты алмастыру және өз өндірісін дамыту мүмкіндіктеріне теріс әсер етері анық.

Алайда, рубльдің теңгеге шаққандағы әлсіреуін біз үшін оң үрдіс деп қабылдауға болады. Бұл қазақстандық валюта мен қазақстандық активтердің шетелдік инвесторлар алдында тартымды болуына және өз кезегінде Қазақстанға инвестиция ағынын арттыруға ықпал етеді.

«Тіпті ресейлік бизнес үшін өз елінен гөрі Қазақстанға және басқа елдерге инвестиция салуды тиімдірек көріп отырған жағдайлар да бар екен. Әрине, бұл қысқа мерзімде Қазақстан үшін тиімді үрдіс» деп ой қорытады Мұрат Қастаев.




Поделиться:

Смотрите также:

Airba Fresh ставит паузу в Астане
7 месяцев назад
Фудтех-стартап Airba Fresh, основанный Эдуардом Кимом, временно прекращает работу в Астане. Речь идет не о закрытии бизнеса в столице, а о вынужденной паузе, связанной с текущим финансовым состо...
Крупнейший топливный ретейлер Qazaq Oil отмечает 5-летие
2 года назад
О том, что было «после» и как трансформация сети АЗС перешла за рамки ребрендинга, превратившись в целую экосистему, рассказал генеральный директор крупнейшего топливного ретейлера страны PetroRetail Тулемис Шотанов. Как было и как стало Кому-то мо...
Курс доллара вырос почти на 3 тенге в Казахстане
2 года назад
Средневзвешенный курс доллара по итогам торгов составил 479,08 тенге, сразу повысившись на 2,48 тенге с предыдущей сессии. Курс китайского юаня вырос на 0,51 пункта, составив 67,07 тенге. В обменных пунктах Алматы доллары покупают/продают по 478,5-48...
KGIR-2023: Инвестиции в устойчивый региональный рост
2 года назад
Мероприятие зарекомендовало себя в качестве эффективной диалоговой площадки государства и международного инвестиционного сообщества. В этом году в мероприятии приняли участие более 500 представителей ведущих мировых компаний и отечественного бизнеса...
Halyk Bank и Click подписали соглашение о стратегическом партнерстве
1 год назад
В соответствии с условиями соглашения Halyk произведет оплату в размере 176,4 млн долларов США за 49% акций Click. В свою очередь акционеры Click выплатят более 60,7 млн долларов США за 49% акций Tenge Bank. Структура сделки позволяет сторонам работа...
Курс доллара снова вырос на торгах 2 мая
1 год назад
Средневзвешенный курс доллара по итогам торгов составил 516,16 тенге, поднявшись на 3,68 тенге. Торги по российскому рублю и китайскому юаню не проводились в связи с праздничным днем в России в Китае.В обменных пунктах доллары покупают/продают по 517...
Беларусь подняла тариф на транзит нефти по «Дружбе» для Казахстана
2 года назад
Беларусь определилась с тарифом на транзит нефти через свой участок нефтепровода «Дружба»: для Казахстана стоимость повышена на 38%. До этого обсуждалось увеличение действующего тарифа на 43,4%. Для России цена выросла на 10,2%. Обновленные тарифы на...
Курсы валют в обменниках Астаны и Алматы на 2 июля
1 год назад
По официальным данным Национального банка РК, курс доллара составляет 519,29 тенге, евро – 613,28 тенге, рубля – 6,62 тенге. Астана Курс доллара в обменных пунктах Средний курс покупки доллара в Астане – 516,6 тенге, продажи – 522,6 тенге. Курс евро ...
➤