Войти

2023 жылы Қазақстанда 23,5 трлн теңге салық жиналды

2023 жылы мұнайдың орташа бағасы ептеп арзандап (-17%-ға), ел экономикасына тікелей әсері бар бірқатар факторлардың оң ықпалын ішінара болса да бір деңгейге келтіре алды, деп көрсетеді өз шолуында Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының сарапшылары. Бұл факторлардың қатарында олар: Қазақстан экономикасының өсу көрсеткішін (5,1%, 2022 жылы – 3,2%) және шикізат өндіруді арттыруды (+7%-ға) мысал етеді. Сонымен қатар, сарапшы қауым жекелеген секторларда салық мөлшерлемесі өскені байқалып, бұл – бюджетке түсетін салық ауқымына әсер етті деп отыр.

ҚҚҚ мәліметінше, 2023 жылдың қаңтары мен желтоқсаны аралығында елімізде, жалпылай алғанда, 23,5 трлн теңге салық жиналған (+10%), негізінен жекелеген бағыттарда қосымша құн салығы бойынша жоспарды асыра орындау есебінен, атап айтсақ: ел ішінде өндірілген тауарлар (265 млрд теңге) мен импорттық кедендік баж (142 млрд теңге) бойынша салынатын ҚҚС аясында.

Әйтсе де, 2023 жылға белгіленген салық жоспары (25,8 трлн теңге) бар болғаны 91%-ға орындалды, деп мәлімдейді отандық сарапшылар, 2022 жылы 117%-ға орындалған жоспарды алға тартып. Олардың түсіндіруінше, былтырғы жоспар барысында корпоративтік табыс салығы (1,1 трлн теңге), импортқа салынатын ҚҚС (415 млрд теңге), пайдалы қазбаларды өндіру салығы (209 млрд теңге) және шикі мұнайға салынатын экспорттық кедендік баж (118 млрд теңге) бойынша көзделген меже өз деңгейінде орындалмай қалған.

Былтыр бюджеттің табыс бөлігіне салықтық емес түсімдер (1,9 трлн теңге) қолдау көрсеткен – 2022 жылмен салыстырғанда, бұл тұрғыдағы түсім үлесі 3,2 есе артқан, негізінен мемлекеттік акциялар пакеті бойынша дивидендтік төлемдер ауқымының өсуі есебінен (1,1 трлн теңгеге дейін).

«Жалпы, шоғырландырылған бюджеттегі соңғы бес жылдағы түсімдердің құрылымы айтарлықтай өзгере қойған жоқ – негізгі үлесті республикалық бюджеттен түсетін салық құрайды: орташа есеппен алғанда, 37% шамасындағы ауқым», - деп көрсетеді өз шолуында ҚҚҚ сарапшылары.

Олардың айтуынша, шоғырландырылған бюджеттің шығыс бөлігі 2023 жылы 27%-ға немесе 6,1 трлн теңгеге (28, 6 трлн теңгеге дейін) ұлғайып өскен, бұл – табыс бөлігінен 12% немесе 3,1 трлн теңге жоғары ауқым.

Бұл өсім, негізінен мемлекеттік қарызды өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығындар (+1,3 трлн теңге) мен білім (+1,3 трлн теңге), әлеуметтік көмек (+788 млрд теңге) және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (+612 млрд теңге) салаларының шығындарын арттыру есебінен орын алған.

2019–2023 жылдар аралығында шоғырландырылған бюджеттің табыс бөлігінің өсу көрсеткіші (104%) шығыс бөлігінің өсімінен (191%) қалыс қалып жатты, деп көрсетеді ҚҚҚ сарапшылары. Содан да мемлекеттік қарыздардың ауқымын ұлғайтып (2023 жылы 1,7 есе өскен – 5,5 трлн теңгеге дейін), Ұлттық қордан елеулі көлемде қаражат алуға (соңғы 5 жылда 20,9 трлн теңге) тура келген.

Сәйкесінше, соңғы 5 жылда шоғырландырылған бюджеттің шығыс бөлігінде қарызды өтеу және оған қызмет көрсету шығындарының үлесі 10%-дан 16%-ға дейін ұлғайып өскен, ал әлеуметтік көмек шығындары (23%-дан 18%-ға дейін) мен өзге де шығындардың үлесі (26%-дан 17%-ға дейін) төмендей түскен.

Қолданыстағы әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сай, 2024 жылы шоғырландырылған бюджеттің ептеген профициті болжануда (0,4 трлн теңге), соған қарамастан – мұнай бағасының арзандауы, Теңіз кенішіндегі өндірісті кеңейтуді кейінге шегеру, Каспий тұрба құбыры бойындағы іркілістер мен геосаяси факторлардың әсері – ел бюджеті параметрлерінің нашарлауына ықпал етуі мүмкін. Мұндай пікірді өз есебінде Халықаралық валюта қоры атап көрсетеді.

ҚҚҚ: Қазақстандықтардың инвестициялауға деген ықыласы артып келеді ҚҚҚ: Қазақстандықтардың инвестициялауға деген ықыласы артып келеді

2023 жылды ойдағыдай аяқтаған отандық қор биржалары, тарихи жаңа белестерді... →

Өз кезегінде, ҚҚҚ талдау орталығының сарапшылары, 2023 жылы еліміздің шоғырландырылған бюджетіндегі тапшылық 0,6 трлн теңгені құрағанын алға тартады (2022 жылы – 0,8 трлн теңге).

Мемлекет қаржысына әдеттегідей Ұлттық қордың трансферттері қолдау көрсеткен, бұл тұрғыда былтыр 4,0 трлн теңге қаражат алынған (2022 жылы – 4,6 трлн теңге), сол сияқты, былтыр 5,5 трлн теңге ауқымында қарыз қаражаты тартылған (2022 жылы – 4,2 трлн теңге).

ҚҚҚ сарапшыларының айтуынша, салық түсімдерінің ұлғайып өсуіне жоғары тұтынушылық сұраныс ықпал етуі де әбден мүмкін, яғни ол қосымша құн салығы ауқымының өсуіне (тауар сату, жұмыс істеу және қызмет көрсету айналымының ұлғаюы нәтижесінде) және импорттық баж көлемінің ұлғаюына (импорт ауқымының өсуі нәтижесінде, оның ішінде реэкспорт аясында да) септік етсе керек.

Сарапшылар, сондай-ақ, 2023 жылы әлемдік қор нарығы мен алтын нарығы қалыпқа келуі аясында Ұлттық қорды басқарудан түскен инвестициялық кіріс 1,8 трлн теңгені құрады деп отыр (алдыңғы жыл 826,5 млрд теңге шамасындағы шығынмен аяқталған болатын).

ҚҚҚ сарапшыларының айтуынша, соңғы 5 жылда еліміздің шоғырландырылған бюджетінің табыс бөлігінде республикалық бюджеттен түсетін салық үлесі басым шығып отыр. Ел бюджеті тікелей мұнайдан түсетін табысқа байлаулы екендігін ескерсек, осы кезеңде шикізатқа салынатын салық көрсеткіштері мейлінше құбылмалы болған (мұнайдың бағасындағы өзгерістерге орай).

Қазақстандықтар ақшасын жинақтауға мән бере бастаған Қазақстандықтар ақшасын жинақтауға мән бере бастаған

2023 жылы Қазақстан халқының қаржылық сауаттылық индексі 40,5%-ды құрады. С... →

«Бұл тенденцияға үкіметтің салық заңнамасын күшейту туралы ағымдағы ұсыныстары да қолдау көрсетуі ықтимал, - деп есептейді ҚҚҚ сарапшылары, - бірақ, екінші жағынан, үкімет жария еткен қаржылық тәртіпті нығайту шаралары инфляция мен ұлттық валюта бағамына тиімді жағынан әсер етуі мүмкін».

Айта кету керек, Ұлттық Банктің бағалауынша, ағымдағы ақпан айында бюджет шығындарының орташа есеппен 1%-ға ұлғаюы – алдағы 5 айда импорттың 1,42%-ға өсуіне алып келмек, бұған шаруашылық субъектілерінің жалпы шығындарына мемлекеттік шығындардың мультипликативті әсері септік етуі ықтимал.

Ал шоғырландырылған бюджеттің шығыс бөлігі бойынша, жоғарыда айтылғандай – елеулі үлес әлеуметтік шығындарға тиесілі, оның ішінде білім және әлеуметтік қамту салалары да бар. Өз кезегінде ҚҚҚ сарапшылары, денсаулық сақтау саласы шығындарының 85%-ы 2022 жылдан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен жабылатынын алға тартады. Олар, сондай-ақ, Инфрақұрылымды дамытудың ұлттық жоспарын жүзеге асыру барысында 2029 жылға дейін бюджеттің шығыс баптарын ұлғайту ықтималдығы туындауы мүмкін деп ескертеді.

Сонымен қатар, отандық сарапшылар, биыл бюджеттің табыс бөлігіне де, шығыс бөлігіне де ықпал ету қабілеті бар тәуекелдер көрініс беруі мүмкін деп отыр, ел экономикасының импортқа тәуелділігін және тауар экспортындағы шикізат үлесінің жоғары екендігін меңзеп. Бұл тұрғыдағы сыртқы тәуекелдер қатарына олар геосаяси жағдайлардан бастап, мұнайдың арзандау немесе мұнай өндірудің төмендеу мүмкіндігін, серіктес елдердің сауда жасау көрсеткішінің бәсеңдеуін жатқызады. Ал ішкі тәуекелдер арасында әлеуметтік немесе көлік салаларында, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторында туындауы ықтимал форс-мажорлық жағдайларды айтуға болады, деп көрсетеді өз шолуында ҚҚҚ сарапшылары.



Поделиться:

Смотрите также:

Что изменится в самом известном ТРЦ Казахстана
1 год назад
О планах реконструировать торгово-развлекательный центр на улице Розыбакиева девелопер в лице Mega Management объявил весной прошлого года. Рассказываем, какие изменения там произошли и что ещё ждать посетителям. ТРЦ MEGA Alma-At...
Компания, долю в которой имеет Итемгенов, уйдёт с российских и британской бирж
1 год назад
Globaltrans Investment PLC официально объявила, что 7 октября 2024 года подала заявление о делистинге глобальных депозитарных расписок компании c трех бирж. «Заявление о делистинге подано во исполнение решения совета ди...
Стоит ли сегодня покупать доллары и что с ними потом делать – советы финансиста
4 месяца назад
Как отмечает финансист Галим Хусаинов, тенге сейчас сильно переоценен, и это связано сразу с несколькими факторами. Высокая базовая ставка и высокая доходность тенговых безрисковых инструментов привели к притоку средств в активы в национальной валюте...
Минэкономики: ВВП Казахстана в 2025 году вырос на 6,4%
5 месяцев назад
В среду, 17 декабря, на заседании правительства рассматривались итоги социально-экономического развития за 11 месяцев 2025 года. Так, по данным МНЭ РК, главный показатель — рост ВВП, достиг 6,4%. Клю...
Как цифровой тенге может улучшить жизнь казахстанцев
2 года назад
Цифровые деньги призваны значительно облегчить жизнь населения. Как обещают разработчики цифрового тенге, ими можно будет расплачиваться простым прикосновением двух телефонов без интернета. Более того, транзакции с цифровыми деньгами можно будет отсл...
InDrive привлекла $150 млн от венчурного фонда General Catalyst
2 года назад
Компания inDrive объявила о расширении своего соглашения о финансировании с венчурным фондом General Catalyst на дополнительные $150 млн.  Таким образом, общий объем привлеченных средств от фонда General Catalyst составит $300 млн (предыдущий ра...
Нурбанк: акцент на кредитование реального сектора экономики
2 года назад
Гульнара, как изменился кредитный аппетит клиентов в Казахстане после раундов снижения базовой ставки? - Снижение базовой ставки в 2023 году сложно назвать существенным, фондирование все еще остается довольно дорогим для банков. Соответственно, средн...
Air Astana открывает новый рейс из Астаны в Китай
3 месяца назад
Новый авиарейс из Астаны в Гуанчжоу запускает Air Astana, об этом сообщили в Комитете гражданской авиации Министерства транспорта РК.  «С 2 июня авиакомпания Air Astana планирует открытие ...