Войти

Салық реформасы Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді — сарапшылар пікірі

9 сәуірде Мәжіліс депутаттары жаңа Салық кодексі жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Форумға қатысқан Қазақстандағы танымал салық пен бухесеп мамандары бұл реформа көптен бері қажет болғанын айтады. Бюджет тапшылығы, көлеңкелі экономика, салықтан жалтару және бизнесті бөлшектеу секілді мәселелер реформа жасауға итермеледі. Алайда кейбір өзгерістер қоғамда пікірталас тудырып отыр, өйткені тауарлар мен қызметтердің бағасы күрт көтерілуі мүмкін.

ҚҚС мөлшерлемесінің көтеріліп, тіркеу шегінің төмендеуі

Қазіргі кезде бизнес егер жылдық айналымы 78,6 млн теңгеден асса, ҚҚС төлейді. АСР (арнайы салық режимі) қолданатындар үшін бұл шек — 2,4 млрд теңге.

Жаңа кодекске сәйкес, жалпы салық режимі (ЖСР) бойынша ҚҚС есебіне қою шегі 40 млн теңгеге дейін төмендетіледі. Ал АСР алынып тасталады. ҚҚС мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға көтеру жоспарланып отыр. Сарапшылар бұл өзгерістердің бір мезгілде енгізілуі бизнесті қиын жағдайда қалдыратынын айтады — егер өзгерістер кезең-кезеңімен жасалса, бейімделу жеңіл болар еді.

Налоговый форум, апрель 2025
Анастасия Макова
Фото: © Николай Судаков

Анастасия Макова, бухгалтер:

— Қазірдің өзінде реформаны күту кезінде бағалар өсіп жатыр. ҚҚС шегінің төмендеуі мен мөлшерлемесінің артуынан баға тағы өседі. Бұл барлық тауарлар мен қызметтерге әсер етеді. ҚҚС-тағы өзгерістер үй жанындағы дүкендерге әсер етпейді дейді, алайда олай емес. Олар да ҚҚС әсер ететін ірі жеткізушілерден сатып алады. Олар ҚҚС -тың өсуін компенсациялау үшін тауар бағасын көтереді. Үй маңындағы дүкен олардан тауарды жоғары бағаға сатып алады, оған өз бағасын қосады. Нәтижесіде ҚҚС барлық тұтынушының иығына артылады», — дейді форум спикері, бухгалтер Анастасия Макова.

Банктік операцияларға ҚҚС: мамандар не дейді

Форум ұйымдастырушысы және басты спикерлердің бірі, «Қазақстан салықтары» қауымдастығының төрағасы, сарапшы Екатерина Кимнің айтуынша, реформаның кейбір даулы тұстары ШОБ-тің бір бөлігін цифрлы «ақ» құжат айналымынан бас тартып, бизнесті «көлеңкеге» итермелеуі мүмкін. Оның бірі: банктік операцияларға ҚҚС енгізу және банктер үшін корпоративтік табыс салығын (КТС) 20%-дан 25%-ға дейін арттыру.

Налоговый форум, апрель 2025
Екатерина Ким
Фото: © Николай Судаков

— Банктік қызметтерге ҚҚС салып, банктерге КТС-ын 20-дан 25 пайызға көтеру арқылы біз бизнесті қолма-қол есеп айырысуға итермелейміз. Бұл — көлеңкелі экономикамен күресу емес, оны тереңдету. Бізде цифрландыру өте жақсы дамыған. Алайда қолма-қол емес бойынша төлемді дамытудағы жетістіктің бәрі кері кетуі мүмкін. Дұрысы цифрландыруға көңіл бөліп, көлеңкелі экономикамен нақты күресу. Бізде түсінікті, жұмыс істеп тұрған цифрлық шешімдер бар, соның ішінде банктердің өзі ұсынған шешімдер. Әлемнің бірде-бір дамыған елінде қаржы қызметтеріне ҚҚС салынбайды. Бұл Қазақстанда барлық тауар мен қызметтің бағасының күрт қымбаттауына әкеледі.

Сондай-ақ, банктердің — ашық, аудиттен өтетінін, технологияны дамытып, барлығы салық төлейтінін, нәтижелерін ашық жариялайтынынын ұмытпайық. Сондықтан олар әрқашан көзге көрініп тұрады. Ал басқа бизнес субъектілері мұны орындауға мінетті емес, сондықтан банктер ғана табыс табатын сияқты көрінеді» — деп атап өтті Екатерина Ким.

Жаңа бастаманың ішінде талқылануы тиіс тұстары да бар екенімен қарағандылық аудитор Айжан Балакешова да келіседі.

Налоговый форум, апрель 2025
Айжан Балакешова
Фото: © Николай Судаков

— Банк те — бизнес. Ешқандай банк өзін шығынға ұшыратпайды. Егер банктердің қызметіне ҚҚС енгізілсе, ол түпкілікті тұтынушыларға артылады. Мысалы, ертең банктер ҚҚС салдарынан қызметтерінің құнын 16% көтерсе, мен де кәсіпкер ретінде өз қызметтерімнің бағасын 16% көтеремін. Барлық кәсіпкерлер де солай жасайды, өйткені ешкім шығынмен жұмыс істегісі келмейді. Ақыр соңында бәрін қарапайым тұтынушы төлейді. Банктерді КТС бойынша да қысымға алу орынсыз — олар казино емес», — деп мәлімдеді Айжан Балакешова.

Жаңа Кодексте медициналық қызметтерге де ҚҚС салу ұсынылған. Айжан Балакешова бұл жағдайда азаматтар екі есе қаржылық ауыртпалыққа тап болады, деп алаңдайды. Олар медициналық сақтандырумен қатар, жеке клиникалардағы қызметтер үшін де артық ақы төлеуге мәжбүр болады. Ал жеке клиникаларды ҚҚС төлеуге мәжбүрлесе, өз қызметтерінің бағасын көтеретіні анық.

АСР-дің тыйым тізімі туралы

Жаңа реформаға сәйкес Қазақстанда АСР бойынша тыйым салынған қызметтер тізімі пайда болады. Бұған қызметтер мен тауар бағасын белгілеуге әсер ететін салалар — шағын құрылыс компаниялары мен логистикалық компаниялар енуі мүмкін. Сонымен қатар, «жеңілдетілген» режимде жұмыс істейтін кәсіпкерлерге B2B-форматта жұмыс істеуге тыйым салынады. Яғни, Салық кодексіндегі кейбір өзгерістерге сай АСР бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлермен серіктестік тиімсіз болады.

— Сатып алушы, шығындарды шегере алмайды. Салық шегерімі сіздің төлейтін корпоративтік табыс салығыңызды азайтуды білдіреді. Айталық, мен миллион теңгеге жерді жалға алдым. Пайда 10 миллион, бірақ мен жалдау ақысын төледім. Сондықтан таза пайда 10 миллион емес, 9 болды. Мен 9 миллионға салық төлеуім керек. Жаңа кодекске сәйкес, былай жұмыс істей алмаймын. Бұл АСР-де жүргендермен серіктестіктен бас тартамын дегенді білдіреді және мен олардың қызметтерін шегеруге мүмкіндігім бар, бұл оңайлатылған салық жүйесіндегі бизнестің жабылуына немесе жоғары мөлшерлемемен жалпы салық режиміне ауысуына және осыған байланысты олардың қызметтерінің бағасын көтеруге әкеледі», — деп түсіндіреді салық сарапшысы Екатерина Ким.

Айжан Балакешова бағаның өсуімен қатар бизнесті бизнесті жасанды түрде бөлшектеу көбейетінін айтады. Кәсіпкерлер клиенттерінен айырылмау үшін қосымша жалпы режимдегі ЖК немесе ЖШС ашуға көшеді.

«Мысалы, менде асхана бар. Қазір 2% жеңілдетілген салық төлеп, ҚҚС шегіне ілінбей, жақсы жұмыс істеп жатырмын. Бір ірі компания келіп, менің асханамнан тамақтанғысы келеді. Бірақ жаңа Кодекс бойынша менің қызметімнен салық шегерімін ала алмайды, сәйкесінше оларға менімен жұмыс істеу тиімсіз. Клиентті жоғалтпау үшін мен жалпы салық режиміндегі тағы бір ЖК ашамын. Ал бұл — мемлекеттің өзі күресіп жүрген жасанды бөлшектеу», — дейді ол.

Жалпы сарапшылардың ортақ пікірі — көлеңкелі экономикамен, бюджет тапшылығымен күресіп, қазынаны толтыру қажет. Бірақ жаңа Кодексте көрсетілген кейбір шаралар ел экономикасына теріс әсер етуі мүмкін. Сарапшылар реформаны кешенді және байыпты түрде жүргізуге шақырады.

Поделиться:

Смотрите также:

Курсы валют в обменниках Астаны и Алматы на 11 марта
2 месяца назад
По официальным данным Национального банка РК, курс доллара составляет 491,59 тенге, евро – 572,16 тенге, рубля – 6,24 тенге. Астана Курс доллара в обменных пунктах Средний курс покупки доллара в Астане – 486 тенге, продажи – 493 тенге. Курс евро в об...
BI Group запускает проект таунхаусов 9 декабря
2 года назад
В последнее время в мире недвижимости наблюдается тренд на популярность таунхаусов. Крупнейшая строительная компания Казахстана, предвосхищая ожидания своих клиентов, объявила о запуске комплекса таунхаусов ALA Town, который состоится 9 декабря. Долг...
На сколько вырос ВВП Казахстана в 2025 году
4 месяца назад
По итогам января–декабря 2025 года, согласно предварительным данным Бюро национальной статистики, валовой внутренний продукт Казахстана увеличился на 6,5% по сравнению с аналогичным периодом прошлого года. Об&...
Казахстан и Россия подписали соглашение о строительстве трёх угольных ТЭЦ
2 года назад
Министерства энергетики Казахстана и России подписали соглашение о сотрудничестве по проектам строительства ТЭЦ в городах Кокшетау, Семей и Усть-Каменогорск. Об этом 17 апреля сообщили пресс-службы обоих министерств, опубликовав краткие пресс-релизы...
Бектенов озвучил приоритетные отрасли экономики Казахстана
11 месяцев назад
27 июня на совместном заседании палат парламента премьер-министр Олжас Бектенов рассказал о приоритетных отраслях для экономики Казахстана. «Правительство сконцентрировано на реализации крупных индустриальных ...
Курс доллара снова опустился ниже 500 тенге на торгах 20 февраля
1 год назад
Средневзвешенный курс доллара по итогам торгов составил 499,76 тенге, снизившись на 3,63 тенге.Средневзвешенный курс китайского юаня повысился до 68,81 тенге (+0,02). В обменных пунктах доллары покупают/продают по 501,1-504,7 тенге, евро – по 521-526...
Доллар еще подорожал на торгах 21 октября
7 месяцев назад
Средневзвешенный курс доллара по итогам торгов составил 538,56 тенге, поднявшись еще на 0,47 тенге. Курс рубля подрос до 6,65 тенге (+0,01). Средневзвешенный курс юаня на утренних торгах составил 75,60 тенге (-0,04). В обменных пунктах доллары покупа...
Кайрат Сатыбалды признал вину по новому эпизоду, суд отложили
2 года назад
Дело рассматривают в Межрайонном суде по уголовным делам. Кайрата Сатыбалды обвиняют в легализации денег, полученных преступным путем в крупных размерах (ст. 218 ч. 3 п. 3 УК).На заседании прокурор Елдар Нурмаханов зачитал обвинительный акт. Согласно...